Жаңа оқу жылында жалпы білім беретін мектептерінде «Кәсіптік бағдар беруші педагог» - лауазымы енгізілген болатын. Осыған орай ағымдағы жылдың 28 қазан күні БҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Кәсіби бағдар беруші мамандармен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты  БҚО Кәсіпкерлер Палатасы кәсіптік бағдар беру күнін өткізуде тәжірибе жинақтағандықтан, ӨКП адами капиталды дамыту бөлімі оны педагогтармен бөлісу болып табылды.

Кездесу барысында қалалық білім басқармасының тәлімгері Луара Батырғалиева мамандық таңдау қажетті психологиялық көзқарас екенін, әр  жасөспірімге мамандық таңдауда жас кезінде шешуге көмектесу маңызды екенін атап өтті. Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Абдулкаирова Айгүл Куспановна оқушылардың кәсіпорындарға экскурсияларын қалай ұйымдастыру керектігін, табысты кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп отыратынын айтып, көптеген тәжірибесімен бөлісті. Кәсіби бағдар беру барысында  қолданылатын пайдалы құжаттар мен видео, кәсіби бағыт беруге арналған әдістемелік құралдар мен мамандықтар тізімдерін ұсынды.

Осындай кездесуде алған тәжірибеміз бен ұсынымдарды жасөспірімдер арасында қолданылатынымызды айта отырып,  ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіреміз.

                                                                                                       Кәсіби бағдар беруші педагог Ақмарал Жанкабыловна.