Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні мектебімізде "Әдеби Ақжайық" жобасы аясында Ақжайықтың дарабоз дарыны "Қадыр оқулары" атты байқау өткізілді.
https://shvecher-uralsk.rka.kz/kz/o-u-derisi-10/o-u-derisi-13.html#sigFreeIdb868241f96
16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің «Кешкі мектебі»КММ кітапханасының ұйымдастырылуымен мектеп дәлізінде мерекеге арналған «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған шағын кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмені ұйымдастырудағы мақсаты – Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау.Мектебіміздің тарих апталығымен тұспа тұс келген мерекені тарих пәнінің мұғалімдері Тәуелсіз Қазақстанның 31 жылда жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы, халықаралық қатынастарының дамуына шолу жасап, Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетіне тоқталды.
Мектеп кітапханасында ағымдағы жылдың 24 қараша күні оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқушылардың назарын кітапқа аударту, кітаптын адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, оқу сауаттылығын, оқу мәдениетін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Классиканы оқып, жаратылыстануды танимыз» кітап оқу акциясы, 11 сынып оқушылары өздері қалаған кітапты бір мезетте оқуды ұйымдастыру барысы.
https://shvecher-uralsk.rka.kz/kz/o-u-derisi-10/o-u-derisi-13.html#sigFreeId00207b0ba7

https://shvecher-uralsk.rka.kz/kz/o-u-derisi-10/o-u-derisi-13.html#sigFreeId186ff5e641
https://shvecher-uralsk.rka.kz/kz/o-u-derisi-10/o-u-derisi-13.html#sigFreeId00d034f182
Орал қаласы білім беру бөлімінің «Кешкі мектепбінің» кітапханасының 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес, Кешкі мектеп кітапханасында 2022 жылдың 22 қыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында облыстық «Әдеби Ақжайық» жобасы бойынша жерлес ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиевке 85 жыл толуына орай мектепшілік поэзиялық марафоны өтті. Байқау қорытындысы нәтижесінде 1 орын - 11 сынып оқушысы Наурызов Алихан, 2 орын - 11 сынып оқушысы Бердғалиева Дильназ, 3 орын - 10 сынып оқушысы Мамышев Георгий ие болып, 9 сынып оқушысы Ахансериева Сабина Мадақтама парағымен марапатталды.


"Бір ел бір кітап" акциясы аясында 2022 жылдың 10 тамыз күні Кешкі мектебінің кітапханашысының ұйымдастыруымен Ғабдолла Тоқай саябағында шағын көрме өтті. Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, елім деп болашаққа жол ашып кеткен Ахмет Байтұрсыновқа 150 жыл толуына орай арналған көрме. Көрмеге Орал қаласының тұрғындары қатысты. Көрмеде Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен ғылыми және әдеби шығармашылығы туралы ақпараттар берілді.


Кешкі мектеп ағымдағы жылдың 10 тамыз күні қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың туған күніне арналған шағын көрме ұйымдастырды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялағаны белгілі. Соған орай Кешкі мектеп ағымдағы жылдың 15 тамыз күні "Балаларға базарлық" атты көрме ұйымдастырылды. Оқушылар осы көрмені жыл көлемінде тамашалап, өздерін қызықтырған кітаптарын алып оқи алады.

Кешкі мектеп 2022 жылдың 17 тамыз күні "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында балалар әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің І тарауы бойынша"20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз" акциясы ұйымдастырылды.11 сынып оқушысы Бердигалиева Дильназ повестің І тарауын оқып, эссе жазып ұсынды.










