Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында ағымдағы жылдың 12 желтоқсанда "Smart Uralsk" ғимаратында "PROForientir - 2022" кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі іс - шаралар айлығы шеңберінде қала мектептерінің кәсіптік бағдар берушілерімен қорытынды кеңес өткізілген болатын. Іс - шарада қала мектептерінің кәсіптік бағдар берушілерінің қатысып, іс – шараларға белсене қатысқан Кәсіптік бағдар беруші педагогтерге Кәсіпкерлер палатасы атынан алғыс хат табысталды. 

Сөз соңында қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары А.М.Даумова сөйлеп, болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт - бағдар беру — бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі, сондықтан әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасап, көмек беру ол бүгінгі Кәсіптік бағдар беруші педагогтер болып отырғанын айта келе, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кәсіби бағдар беруші педагог Ақмарал Жанкабыловна.