«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім бөлімінің «Кешкі мектебі» КММ-де 2022 жылдың 1 желтоқсан күні 11 сыныптар арасында «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті» маманы ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент Губашева Бибигуль Ерназаровна «Сенің болашаққа жолың» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың мамандық таңдау бағыты бойынша талапкерлерге арналған ақпараттар мен өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша қосымша кәсіптік бағыттар беріп, оқу орнының артықшылығына тоқталып өтті. Университет аумағында студенттер үйі орналасып, студенттік тамақтану комбинаты ұйымдастырылғаны, әскери кафедрадағы сабақтары мен ішкі қауіпсіздік жүйелері, зетханалық сабақтар мен өндірістік шеберханалар және де студенттердің дене шынықтыруына НИВА спорттық - сауықтыру кешені орналасқанын таныстыра өтіп, ағымдағы оқу жылын ойдағыдай аяқтап, ҰБТ - ны жоғары деген баллға тапсырып, таңдаған мамандықтарына келіп білім алуларына шақырып өтті.

Кәсіби бағдар беруші педагог Ақмарал Жанқабылқызы.